«Наурыз: дәстүрлер мен мәдени құндылықтар».
2026-03-16
Медиатека / Жаңалықтар / «Наурыз: дәстүрлер мен мәдени құндылықтар».
Ашық сабақтың тақырыбы:
«Наурыз: дәстүрлер мен мәдени құндылықтар».
Ашық сабақ барысында студенттер Наурыз мерекесінің дәстүрлері мен мәдени құндылықтарымен танысты. Сабақ басында Наурыз мерекесі туралы презентация ұсынылды.
Одан кейін студенттер ұлттық би билеп, Наурызға арналған өлеңдер оқыды. Сонымен қатар «Тұсау кесер» ұлттық дәстүрі көрсетілді.
Студенттер ағылшын тілінде бауырсақтың дайындалуы туралы айтып берді. Сабақ барысында Наурыз дәстүрлері бойынша викторина өткізілді.
Келесі кезеңде студенттер Наурыз көженің дайындалуы мен маңызы туралы ақпарат берді. Сабақ соңында Наурызға арналған ән орындалды.





