А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында 2026 жылы 12 наурыз күні Ыбырай Алтынсариннің туғаныныа 185 жыл толуына орай, «Қазақ халқының ағартушысы» атты тағылымды әдеби кеш ұйымдастырылды
2026-03-13
А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында 2026 жылы 12 наурыз күні Ыбырай Алтынсариннің туғаныныа 185 жыл толуына орай, «Қазақ халқының ағартушысы» атты тағылымды әдеби кеш ұйымдастырылды. Кешке Тәшенов университетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасына қарасты ПиК 25-5к1 оқу тобының студенттері қатысты. Әдеби кеш студенттерімізге үлкен рухани және танымдық әсер берді. Кеш барысында студенттеріміз Алтынсариннің өмір жолы, ағартушылық қызметі, қазақ балаларына мектеп ашудағы еңбегі туралы мәліметтер алды және кеш барысында өлең оқу, көрініс қою, шығармаларын талдау сияқты жұмыстар студенттеріміздің шығармашылық қабілетін дамытып, әдебиетке деген қызығушылығын арттырды. Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған әдеби кеш студенттерімізге рухани тәрбие беріп, ұлттық мәдениетті құрметтеуге, шығармашылық белсенділікке жетелейді және Пушкин атындағы кітапханамен танысу студенттеріміздің білімін кеңейтіп, әбебиет пен ғылымға деген қызығушылығын арттырады деген ойдамыз.


