ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
2024-04-12
2024 жылдың 8-12 сәуір аралығында Жұмабек Тәшенев атындағы университетке Өзбекстан Республикасының Ренессанс білім университетінен бір топ профессор-оқытушылар делегациясы жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамында «Филология» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор М.Тұрдыбеков, профессорлар Л.Раупова, И.Исламов және аға оқытушы Д.Хакимова болды.
Мәртебелі қонақтарды «Филология» факультетінің деканы А.Мамыт пен Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Ш.Наралиева қарсы алып, университеттің материалдық-техникалық базасымен және ақпараттық-ресурстық орталығымен таныстырды. Сонымен қатар, делегация мүшелері оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор П.Т. Байнеевамен кездесіп, оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Сапар аясында университет ректоры Қ.Байболов қонақтарды ресми қабылдады. Кездесуде бакалавриат және магистратура бағыттары бойынша бірлескен жобалар, жетекші ғалымдардың дәрістерін ұйымдастыру және халықаралық практиканы енгізу мәселелері сөз болды. Нәтижесінде екі жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Ренессанс білім университетінің ғалымдары «Филология» факультетінің студенттеріне арнап қонақ-дәрістер оқыды. Болашақта бірлескен оқулықтар шығару және халықаралық конференциялар өткізу жоспарлануда











