3 наурыз 2026 жылы Ташенев университеті Ақпараттық білім беру орталығында кездесу өтті.
2026-03-05
3 наурыз 2026 жылы Ташенев университеті Ақпараттық білім беру орталығында кездесу өтті.
6В03201 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының оқытушылары мен кітапханашылар «Шымкент қалалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасымен бірлескен меморандум жобасын кітапхананың “Стационардан тыс қызмет көрсету” сектор меңгерушісі Тоқсанбаева Ақмарал Абдусатарқызымен талқылады.
Кездесу барысында инклюзия саласындағы өзекті мәселелер қозғалып, ерекше қажеттілігі бар оқырмандарға сапалы әрі қолжетімді ақпараттық қызмет көрсету тетіктері сараланды.
Тараптар тәжірибе алмасу, бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, кәсіби практика мен волонтерлік бағытты дамыту мәселелерін нақтылап, болашақ серіктестіктің берік негізін қалады.
Алдағы уақытта кітапханалармен бірлескен ауқымды жобалар, шеберлік сабақтары, тағылымдамалар мен әлеуметтік маңызы бар бастамалар жүзеге асырылады деп жоспарлануда.
Білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, инклюзивті қоғам құру жолында бірлесе жұмыс жасау – басты мақсатымыз!


