2025 жылғы 17 желтоқсанда «Өнер және көркем еңбек» кафедрасының тәлімгері
background

2025 жылғы 17 желтоқсанда «Өнер және көркем еңбек» кафедрасының тәлімгері

2025-12-17

Медиатека / Жаңалықтар / 2025 жылғы 17 желтоқсанда «Өнер және көркем еңбек» кафедрасының тәлімгері

2025 жылғы 17 желтоқсанда «Өнер және көркем еңбек» кафедрасының тәлімгері Калабаева Қызбала Райымбекқызының ұйымдастыруымен ПиК 24-1к2, ПиК 24-14к2, ПиК 24-14к3 топ студенттері арасында «Композиция негіздері» пәнінен қорытынды сабақ өтті. Пән бағдарламасында қарастырылған 15 тақырып аясында студенттер 15 түрлі көйлек композициясын ұсынды. Сабақ барысында костюм құрамының негізгі заңдылықтары, композициялық қалыптасу мен үйлестіру әдістері, түстің композициялық құрал ретіндегі маңызы және басқа да теориялық мәселелер қамтылды. «Композиция негіздері» пәнін оқытудың мақсаты – студенттердің кәсіби білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Сонымен қатар білім алушылар сән мен стиль бағыттарын терең меңгеріп, жаңа үлгілер мен киім топтамаларын әзірлеу үдерісінің негізгі шығармашылық қағидаларын нақты түсіне білуі тиіс. Топтарға бөлінген студенттер мата, қағаз, газет, пластик және түрлі қаптама материалдарын пайдалана отырып, ерекше көйлек үлгілерін дайындады. Қорытынды бөлімде дефиле ұйымдастырылып, қатысушылар көпшілік алдында сәнді қимылмен жүріп өтіп, өз тақырыптарына сәйкес әзірлеген композициялық жұмыстарын қорғады.Аталған іс-шара студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық ізденістеріне серпін берді деп сенеміз.