Нота жазудың қысқарту белгілері»
background

Нота жазудың қысқарту белгілері»

2025-09-26

Медиатека / Жаңалықтар / Нота жазудың қысқарту белгілері»

Ж.А.Тәшенев атындағы университеті «Мәдениет және спорт» факультеті, «Өнер және көркем еңбек» кафедрасының аға оқытушысы  Туманова Гүлзада Асқарқызының 26.09.2025 жылы сағат 8-30-да Гагарина 22-А корпусында, 210-шы аудиторияда І-курс, ПиК-25-4к1,2 тобының студенттерімен «Музыкалық сауаттылық» пәнінен «Нота жазудың қысқарту белгілері» атты тақырыпта практикалық ашық сабақ өткізді.Ашық сабаққа  кафедра оқытушылары мен  студенттері толығымен қатысты.Сабақ барысында оқытушы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы студенттердің қызығушылықтарын оятып,бірнеше шығармашылық тапсырмаларды орындады.Топ студенттеріне берілген сұрақтарға толығымен жауаптар алынып,студенттер өздерінің алған білімдерін жауаптары арқылы дәлелдей білді.Бірнеше шағын шығармалардың қысқарту белгілерін анықтап талдай білді.Сабақ өте тартымды өтті.Көптеген көрнекіліктер қолданылды.Сабақ соңында кафедра оқытушылары сараптама жасап өз бағаларын берді.