«Жасанды интеллект негіздері» пәнінен ашық сабақ өтті
2026-02-11
Оқытушы: магистр, аға оқытушы Халметова Шохноза Абдулакимовна
Тақырыбы: Эволюция искусственного интеллекта
2026 жылғы 11 ақпан күні магистр, аға оқытушы Халметова Шохноза Абдулакимовна ИЭФ-24-1р, 2р, 3р, 9р, 11р, 13р топ студенттеріне «Жасанды интеллект негіздері» пәні бойынша «Эволюция искусственного интеллекта» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Аталған сабақтың мақсаты – студенттерге жасанды интеллекттің тарихи даму кезеңдерін жүйелі түрде түсіндіру, символдық ИИ, машиналық оқыту, терең оқыту және генеративті модельдердің ерекшеліктерін талдау, сондай-ақ деректер мен есептеу ресурстарының жасанды интеллект дамуына әсерін көрсету болды. Сонымен қатар «оқыту мысал арқылы» қағидатын практикалық тұрғыда түсіндіру көзделді.
Сабақ барысында жасанды интеллекттің даму кезеңдері жан-жақты қарастырылып, символдық ИИ мен эксперттік жүйелердің жұмыс принциптері түсіндірілді. Студенттер «Егер – онда» ережелері арқылы шешім қабылдау логикасын меңгеріп, интерактивті тапсырмалар арқылы өздері ережелер құрастырды. Машиналық оқыту кезеңінде негізгі айырмашылық ретінде «ереже жазу» емес, «мысал арқылы үйрету» принципі нақты өмірлік мысалдар негізінде талданды.
Сондай-ақ сабақ барысында GPU ресурстарының, үлкен деректердің және бұлттық технологиялардың жасанды интеллекттің дамуына қосқан үлесі қарастырылды. Генеративті ИИ ерекшеліктері түсіндіріліп, оның ықтималдыққа негізделген жұмыс механизмі және галлюцинация құбылысы талқыланды.
Ашық сабақ интерактивті әдістерді қолдану арқылы жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізілді. Студенттер белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды орындау арқылы өз білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті. Сабақтың мазмұны мен құрылымы қойылған мақсаттарға толық сәйкес келіп, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
