Ашық сабақ
2024-02-12
2024 жылғы 12 ақпан күні сағат 12:30-да 101а кабинетінде ғ.м., аға оқытушы Азизбекова А.С. «Әлеуметтану және саясаттану» пәнінен «Девиантты мінез-құлық және әлеуметтік бақылау» тақырыбында ЕП-23-7к, ЕП-23-10к, ЕП-23-11к, ЕП-23-13к топтарына лекция форматында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың мақсаты – девиантты мінез-құлықтың мәні мен түрлерін, оның пайда болу себептерін, қоғамдағы әлеуметтік бақылау тетіктерін ғылыми тұрғыда түсіндіру және білім алушылардың әлеуметтік құбылыстарды талдау дағдыларын қалыптастыру болды.
Сабақ барысында девиация ұғымы, әлеуметтік нормалар мен құндылықтар, девиантты мінез-құлықтың негізгі теориялары, сондай-ақ әлеуметтік бақылаудың формалды және формалды емес түрлері қарастырылды. Қоғамдағы құқықтық, моральдық және институционалдық бақылау механизмдеріне талдау жасалды.
Лекция барысында интерактивті әдістер, нақты әлеуметтік жағдайларды талдау, сұрақ-жауап және пікірталас элементтері қолданылды. Білім алушылар тақырып аясында өз көзқарастарын білдіріп, қазіргі қоғамдағы девиантты құбылыстарға сыни тұрғыда баға берді.
Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, білім алушылардың әлеуметтік ойлау қабілетін дамытуға және кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған мазмұнды академиялық алаң болды.
