АШЫҚ САБАҚ
background

АШЫҚ САБАҚ

2023-12-04

Медиатека / Жаңалықтар / АШЫҚ САБАҚ

т.ғ.м., аға оқытушы Зоржанова А.А. 04.12.2023ж. күні 6В01601 – Тарих мұғалімдерін даярлау мамандығының Еп-22-2 к,  Еп-21-4к  топтарының  студенттеріне «Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы» пәнінен  "1870-1914 жылдар аралығындағы  Ресей" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Әлемді дүр сілкіндірген Бірінші дүниежүзілік соғысқа алғышарт болған, бастау болған 1870-1914 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастардың барысы, халықаралық қатынастарда басты рол ойнаған мемлекеттер мен олардың сыртқы саясатының басты бағыттары, қайсы мемлекет қандай геосаяси мүдделерді қорғады, халықаралық қауымдастықтағы одақтарға бірігудің маңыздылығын анықтау.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, әлемнің саяси картасы, плакаттар.

Әдіс-тәсілдер: рольдік ойындар, сұрақ-жауап, кері байланыс, топтық жұмыс. Сабақтың түрі: практикалық сабақ.

Білімділік: 1870-1914 жылдардағы халықаралық қатынастар тарихы туралы білімдерін жүйелеу, білімдерін тереңдету. Дамытушылық: сыни тұрғыдан ойлана білуге, қиялдай білуге, елестете білуге, өз бетінше ізденуге үйрету.
         Тәрбиелік: пәнге қызығушылығын арттыру, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

         Сабақтың барысы: Ролдік ойын: «1870-1914 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастардағы мемлекеттердің мүдделері».

Топты екіге ажыратып аламыз:

1-ші топ Антанда одақы тобы. Бұл топқа Англия, Франция, Ресей мемлекеттері кіріп, сәйкесінше үш студент осы ролдерді иеленді.

2-ші топ Үштік одақ тобы. Бұл топқа Италия, Австро-Венгрия, Германия мемлекеттері кіріп, үш студент осы ролдерді иеленді.