«Әлем тілдері» кафедрасының магистранттары қатысуымен ғылыми семинар 18 ақпан 2026ж 203 аудиторияда
2026-02-18
«Әлем тілдері» кафедрасының магистранттары қатысуымен ғылыми семинар 18 ақпан 2026ж 203 аудиторияда «Integration of Virtual Reality into the Educational Process: Prospects and Challenges of Modern Higher Education» тақырыбында өткізілді. Ғылыми семинарға магистратурада білім алушыларынан басқа, қала мектептерінде қызмет ететін тәжірибелі мұғалімдер қатысып, өз педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.
Ғылыми семинардың негізгі мақсаты – заманауи жоғары білім беру жүйесіне виртуалды шынайылық (Virtual Reality, VR) технологияларын енгізудің мүмкіндіктері мен өзекті мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу және білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-әдістемелік ұсыныстар әзірлеу болды.
Магистранттар VR-ды тіл үйрету, басқа пәндер және педагогика салаларында қолдану бойынша шағын зерттеу нәтижелерін ұсынды. Ал мектеп мұғалімдері VR элементтерін сабақта қолданудың алғашқы тәжірибелерімен бөлісті.
Ғылыми семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті. Қатысушылар виртуалды шынайылық технологияларының қазіргі жоғары білім беру жүйесін жаңғыртудағы маңызды құрал екенін атап өтті. Үздік баяндамамен ерекшеленген қатысушылар сертификатпен марапатталды.





