Филология» кафедрасының аға оқытушысы Исламова М.М. ПФ-19-9к тобымен 220 аудиторияда «Лексикология» пәні бойынша «Сөз мағынасы және көп мағыналылық» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
background

Филология» кафедрасының аға оқытушысы Исламова М.М. ПФ-19-9к тобымен 220 аудиторияда «Лексикология» пәні бойынша «Сөз мағынасы және көп мағыналылық» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026-02-20

Медиатека / Жаңалықтар / Филология» кафедрасының аға оқытушысы Исламова М.М. ПФ-19-9к тобымен 220 аудиторияда «Лексикология» пәні бойынша «Сөз мағынасы және көп мағыналылық» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Филология» кафедрасының аға оқытушысы Исламова М.М. ПФ-19-9к тобымен 220 аудиторияда «Лексикология» пәні бойынша «Сөз мағынасы және көп мағыналылық» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақтың мақсаты – студенттерге лексикология саласының негізгі ұғымдарын түсіндіру, сөз мағынасының түрлерін (тура және ауыспалы мағына) меңгерту, көп мағыналылық пен омонимдердің айырмашылығын ажырата білуге үйрету, теориялық білімді практикалық тапсырмалар арқылы бекіту болды.

Сабақ жоспарға сәйкес ұйымдастырылды. Алдымен ұйымдастыру кезеңі жүргізіліп, сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылды. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында лексикология ұғымына анықтама беріліп, сөз мағынасының табиғаты, тура және ауыспалы мағына ерекшеліктері, көп мағыналылық (полисемия) құбылысы мен омонимдердің айырмашылығы ғылыми тұрғыда түсіндірілді. Теориялық материал нақты мысалдармен бекітіліп отырды.

 Сабақ барысында ПФ-19-9к тобының студенттері белсенділік танытып, сұрақтарға нақты жауап беріп, өз пікірлерін еркін жеткізді. Топтық талқылау кезінде өзара пікір алмасу жақсы деңгейде өтті. Студенттер тақырыпты меңгергенін көрсетті.