Оңалту-сауықтыру шараларын ұйымдастыру туралы
2026-02-20
Медиатека / Жаңалықтар / Оңалту-сауықтыру шараларын ұйымдастыру туралы
Профессор-оқытушылар құрамының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету және денсаулығын нығайту мақсатында кәсіподақ комитеті тарапынан жаз айларында оңалту-сауықтыру шаралары ұйымдастырылады.
Аталған бағдарлама аясында ОПҚ мүшелеріне Қазақстан Республикасындағы Сарыағаш шипажайларына және Қырғыз Республикасындағы Ыстық көл жағалауындағы сауықтыру кешендеріне жолдамалар ұсынылады.
Кәсіподақ қолдауының негізінде жолдама құнының 50 пайызы субсидияланады. Бұл шара қызметкерлердің денсаулығын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған.

