«Компьютерлік желілер» пәнінен ашық сабақ өтті
2023-12-07
Оқытушы: Изханова Ботагоз
Тақырыбы: Интернет желісінде ақпараттарды автоматты іздеу жүйелері
2023 жылғы 7 желтоқсан күні аға оқытушы Изханова Ботагоз ИЭФ-21-10к тобына «Компьютерлік желілер» пәні бойынша «Интернет желісінде ақпараттарды автоматты іздеу жүйелері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Аталған сабақтың мақсаты – студенттердің Интернет желісіндегі ақпараттарды іздеу жүйелері, олардың құрылымы мен жұмыс принциптерін түсіну, сондай-ақ практикалық дағдыларын қалыптастыру болды.
Сабақ барысында оқытушы ақпараттарды автоматты іздеу жүйелерінің негізгі түрлері мен ерекшеліктерін, іздеу алгоритмдерін, индексация және сұрау әдістерін жүйелі түрде түсіндірді. Студенттер практикалық тапсырмалар арқылы іздеу жүйелерін қолдану, ақпараттарды тиімді іздеу стратегияларын жасау және нәтижелерді талдау дағдыларын меңгерді. Теориялық материал тәжірибелік элементтермен ұштастырылып, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.
Ашық сабақ оқу үдерісінің талаптарына сәйкес жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейде өткізілді. Студенттер белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды орындау барысында өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Сабақтың мазмұны мен құрылымы қойылған мақсаттарға толық сәйкес келіп, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және кәсіби даярлығын нығайтуға ықпал етті.