«Есептеуіш жүйені жөндеу және техникалық қызмет көрсету» пәнінен ашық сабақ өтті
background

«Есептеуіш жүйені жөндеу және техникалық қызмет көрсету» пәнінен ашық сабақ өтті

2023-10-17

Медиатека / Жаңалықтар / «Есептеуіш жүйені жөндеу және техникалық қызмет көрсету» пәнінен ашық сабақ өтті

Оқытушы: Нахипова Венера
Тақырыбы: Процессорлардың көпядролығы

2023 жылғы 17 қарашада аға оқытушы Нахипова Венера ИЭФ-20-10к тобына «Есептеуіш жүйені жөндеу және техникалық қызмет көрсету» пәні бойынша «Процессорлардың көпядролығы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Аталған сабақтың мақсаты – студенттердің көпядролы процессорлардың құрылымы мен жұмыс принциптерін түсіну, олардың артықшылықтары мен ерекшеліктерін үйрену, сондай-ақ практикалық дағдыларын қалыптастыру болды.

Сабақ барысында оқытушы көпядролы процессорлардың негізгі сипаттамаларын, ядролар арасындағы өзара байланыс пен жұмыс тиімділігін, көпядролы жүйелердегі өңдеу әдістерін жүйелі түрде түсіндірді. Студенттер практикалық тапсырмалар арқылы процессорлардың жұмысын бақылау, олардың өнімділігін бағалау және әр түрлі сценарийлерде қолдану әдістерін меңгерді. Теориялық материал практикалық элементтермен ұштастырылып, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.

Ашық сабақ оқу үдерісінің талаптарына сәйкес жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейде өткізілді. Студенттер белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды орындау барысында өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Сабақтың мазмұны мен құрылымы қойылған мақсаттарға толық сәйкес келіп, білім алушылардың пәнге деген