14 - ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні!
background

14 - ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні!

2026-02-13

Медиатека / Жаңалықтар / 14 - ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні!

14 - ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні!

14 ақпан – тек мейірім мен сыйластық күні ғана емес, сонымен қатар ерекше мереке – Кітап сыйлау күні.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқу мәдениетін дамыту мәселесін үнемі көтеріп, өз Жолдауларында жастардың зияткерлік әлеуетін арттыруда кітаптың рөлі ерекше екенін атап өтіп, қоғамда «оқитын ұлт» қалыптастыру қажеттігін үнемі айтады. Осы бағытта елімізде Ұлттық кітап күні бастамасы көтеріліп, кітапханаларды жаңғырту, цифрлық қорларды кеңейту және балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқуды насихаттау шаралары жүзеге асырылуда.

Айтулы мерекеге орай Универсиетет кітапханасына оқытушылар мен студенттер кітаптар сыйға тартып, кітапханашы мамандар мерекенің маңызын баяндады.

2012 жылы америкалық кітапсүйер блогер Эми Бродмур бастамасымен пайда болған бұл мерекені бүгінде халықаралық деңгейде International Book Giving Day қозғалысы қолдап кең көлемде көптеген елдерде атап өтуді дәстүрге айналдыруда.

Кітап – білімнің, рухани дамудың және тәрбиенің қайнар көзі. Кітап оқу адамның ой-өрісін кеңейтіп, қиялын дамытатын таптырмас құрал.

✨ Бұл күні сіз:

✔ Жақындарыңызға кітап сыйлаңыз

✔ Балаларға қызықты кітап тарту етіңіз

✔ Кітапханаға кітап сыйлап, игі іске үлес қосыңыз

Кітап сыйлау – бұл жай ғана сыйлық емес, бұл білім мен рухани байлық сыйлау. Кітап – ұлттың рухани капиталы. Оқу мәдениетін дамыту – болашаққа салынған инвестиция.

Кітап оқып, кітап сыйлап жарысайық!