ХАБАРЛАНДЫРУ
background

ХАБАРЛАНДЫРУ

2026-01-28

Медиатека / Хабарландырулар / ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ: Мектеп бітіруші түлектерді пәндік олимпиадаға шақырамыз!

Жұмабек Тәшенев атындағы университет жалпы білім беретін мекемелердің бітіруші сынып оқушылары (11-12 сынып) арасында Орыс және Өзбек тілдері бойынша аймақтық пәндік олимпиада өткізеді.

Сізді өз біліміңізді сынап, университет грантын жеңіп алу мүмкіндігін иеленуге шақырамыз!

🏆 Басты жүлде:

Университет Президентінің «Тәшенев тартуы» гранты! Сондай-ақ, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар сарапқа салынады.

📅 Өткізілу уақыты мен орны:

  • Күні: 2026 жылғы 30 қаңтар
  • Уақыты: 12:00 (Тіркеу 11:30-да басталады)
  • Мекенжайы: Шымкент қаласы, Иляев көшесі, 33. «Әлем тілдері» институты, 304, 309-аудиториялар.

📝 Олимпиада кезеңдері:

  1. I тур: Тестілеу (орыс тілі бойынша – 60 минут).
  2. II тур: Бақылау диктанты.
  3. III тур: Поэтикалық шығарманы жатқа мәнерлеп оқу және талдау.

📑 Қатысу шарттары:

Олимпиадаға қатысу үшін 2026 жылғы 26 қаңтарға дейін аудандық/қалалық білім бөлімінің мөрімен расталған өтінімді жіберу қажет.

                                                    📞 +7 778 400 40 97 (Наралиева Ш.Д.)

                                                    📞 +7 705 435 33 88 (Асильбекова Б.Д.)

Болашағыңды Тәшенев университетімен бірге қала! Біз сені күтеміз!