Семинар
background

Семинар

2025-11-19


19.11.2025 күні «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының п.ғ.к., аға оқытушысы Б. Туребеков және ғылым магистр, оқытушы А. Маханбетова «Дене шынықтыру сабақтарында айналмалы жаттығуларды пайдалану арқылы оқушылардың қимыл-қозғалыс қасиеттерін дамыту» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында дене шынықтыру сабақтарында айналмалы жаттығуларды қолданудың тиімділігі жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, айналмалы жаттығулар әдісінің оқушылардың қимыл-қозғалыс қасиеттерін дамытудағы рөлі, оның күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік және икемділікті жетілдірудегі маңызы айтылды. Сонымен қатар, сабақ барысында жаттығу жүктемесін дұрыс жоспарлау, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру, қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелеріне назар аударылды