«IT және жаратылыстану ғылымдары» факультеті ұйымдастырған студенттерге арналған киелі мекендерге танымдық экскурсия
2026-01-13
12.01.2026 жылы «IT және жаратылыстану ғылымдары» факультетінің ұйымдастыруымен университеттің 1 курс ИЭФ-25-9к1, ИЭФ-25-13к5, ИЭФ-25-13к6 топтарының студенттері Шымкент қаласындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне» танымдық экскурсияға барды.
Экскурсияның негізгі мақсаты – студенттерге ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін жылдарында орын алған тарихи оқиғалар туралы терең мағлұмат беру, жазықсыз жапа шеккен азаматтардың тағдырымен таныстыру, сондай-ақ жастардың тарихи санасын қалыптастыру және отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.
Музей экспозицияларында саяси репрессияға ұшыраған қайраткерлердің өмір жолы, архивтік құжаттар, фотосуреттер мен тарихи деректер ұсынылды. Студенттер өткен ғасырдағы ауыр кезеңнің зардаптары туралы тың мәліметтер алып, тарихтан тағылым алудың маңыздылығын терең түсінді.
Аталған іс-шара студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыруға, тарихи әділдікке құрметпен қарауға және ұлттық құндылықтарды бағалауға зор ықпал етті. Мұндай тәрбиелік мәні жоғары экскурсиялар жастардың дүниетанымын кеңейтіп, ел тарихына деген қызығушылығын арттырады.



