Ашық сабақ
background

Ашық сабақ

2026-01-12

Медиатека / Жаңалықтар / Ашық сабақ

 «Халықаралық бизнес және менеджмент»» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Ж.У.Нышанбаеваның «Алгоритмдер және декректер құрылымы» пәнінен «Файлдармен жұмыс жасау» тақырыбы бойынша 03.11.2025ж., сағат 09-30, 216 дәріс аудиториясында ашық дәріс сабағын ағылшын тілінде өтті. Сабаққа «Халықаралық бизнес және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Жантасова Д.М., Батырбек Н.Б. «IT және цифрлық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Кенжебаева У.Е., Нахипова В., Изханова Б.  және басқа да кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Ашық дәріс квест форматында өткізілді. Студенттер жаңа оқу материалын шытырман оқиғаға негізделген ойын түрінде меңгерді, бұл материалды қызықты әрі жеңіл қабылдауға мүмкіндік берді. Сабақ басталар алдында студенттерге 1–3 деңгейлерден, тапсырмалардан және деңгейлерден өту талаптарынан тұратын нұсқаулық парақ — «квест паспорты» таратылды. Деңгейлер арасында қысқа «мини-сұрақтар» (викторина) қойылып отырды. Аудитория жұптарға бөлінді, әр тапсырмадан кейін шағын талқылау жүргізіліп, студенттер квест тапсырмаларын орындау барысында кездескен қиындықтары мен жетістіктері туралы пікір алмасты. Смарт тақтада дәрістің презентациясы (Canva платформасында) көрсетілді, викторина Kahoot қосымшасы арқылы өткізілді, ал тапсырмаларды орындау және бағдарламаның фрагменттерімен жұмыс смарт тақтада және таратпа материалдар арқылы жүзеге асырылды. Оқытушы мен студенттер арасындағы кері байланыс сұрақ-жауаптар мен дәріс барысында жүргізілген пікірталастар арқылы айқын байқалды.