Ашық сабақ
2026-01-06
«ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ» АҚ
«Педагогикалық және гуманитарлық білім беру» факультеті
«Педагогика және психология» кафедрасы
Сабақтың тақырыбы: Еліміздегі Инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақты өту форматы: Топтық жұмыс, кейс-талдау, рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі: Флипчарт, маркер, презентация, стикерлер, видеоролик.
Өтілетін орны: 208 аудитория
Қазіргі инклюзивті білім беру жүйесінің басты мақсаты – қоғамның әртүрлі қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың өз бетінше ойлауына, өмірлік мәселелерді шешуіне, кәсіби және тұлғалық тұрғыда дамуына жағдай жасау. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мұғалімнің рөлі айрықша. Мұғалім – инклюзивті оқыту үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы, фасилитатор, әрбір оқушының жеке әлеуетін ашуға ықпал ететін кәсіби маман.
Заманауи инклюзивті педагогқа қойылатын талаптар артып отыр: пәндік білімнің тереңдігімен қатар, инклюзивті әдістемелік шеберлік, психологиялық-педагогикалық дайындық, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс істей алу, цифрлық құзыреттіліктер, тиімді коммуникативтік дағдылар, толеранттылық пен инновацияға бейімділік. Осы талаптардың жиынтығы мұғалімнің инклюзивті кәсіби құзыреттілігін айқындайды.
Сабақтың мақсаты:
Студенттерге «Инклюзивті білім беру» ұғымының мәнін, қағидаларын және оны қалыптастыру жолдарын түсіндіру.
Күтілетін нәтижелер
Қатысушы:
Студенттердің болашақта мектептегі инклюзивті білім алушы оқушылардың жан жақты дамытып білім алуына жағдай жасау
Қолданылатын әдістер
· Сұрақ жауап
· Кейс-стади
· SWOT талдау
· Видеоталдау
Қажетті құралдар
· Проектор немесе интерактивті тақта
· Флипчарт, маркер
· Стикер, А4 қағаз
· Видео немесе қысқа мотивациялық ролик
Сабақты талдау, қорытындылау.
Құрметті студенттер және қонақтар, оқытушылар, бүгінгі «Еліміздегі Инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы» тақырыбындағы ашық сабағымыздың басты идеясы – заманауи мұғалім тек пәнді меңгерген маман ғана емес, сонымен инклюзивті білімді қажет ететін балаларға бірге жан-жақты, үздіксіз дамып отыра тұлға етіп дайындау.
Инклюзивті кәсіби құзыреттілік – бұл мұғалімнің тек білім, білік, дағдыларының жиынтығы ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушыны, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды түсіне білуі, әр баланың жеке қабілеті мен мүмкіндігін ескере отырып әлеуетін аша алуы, инклюзивті оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруы, бейімделген және жаңашыл педагогикалық технологияларды меңгеруі. Ал инклюзивті педагогикалық шеберлік – осы құзыреттіліктің шығармашылықпен, адамгершілік құндылықтармен ұштасқан көрінісі. Шынайы шебер инклюзивті мұғалім – өз ісіне ынтық, әр оқушының жүрегіне жол таба алатын, барша білім алушы үшін қолжетімді, қолайлы және әсерлі сабақ құрастыра білетін ұстаз.
Бүгінгі сабақты қорытындылай келе:
• инклюзивті мұғалімнің кәсібилігі – барлық білім алушылар үшін сапалы білімге қол жеткізудің кепілі;
• инклюзивті педагогикалық шеберлік – әрбір оқушының өзін қауіпсіз әрі қабылданған сезінуінің рухани тірегі;
• үздіксіз кәсіби даму, ізденіс пен жаңашылдық – заманауи инклюзивті ұстаздың басты серігі екенін атап өткім келеді.
Біз бір-бірімізден үйреніп, тәжірибе алмаса отырып, білім беру сапасын жаңа деңгейге көтере аламыз. Бүгінгі ашық сабақ сіздерге пайдалы ой, жаңа идея, шабыт берді деп сенемін.

