Ашық сабақ
2026-01-06
21.11.2025ж., сағат 14-30, 410 дәріс аудиториясында «Экономика және менеджмент» кафедрасының магистр., аға оқытушысы «Микроэкономика және макроэкономика» пәнінен «Ақша нарығы» тақырыбы бойынша ашық дәріс сабағын өтті. Сабаққа «Экономика және менеджмент» кафедрасының э.ғ.к, аға оқытушылар Демесинова А.А, Иманова Г.А, Туралина С.М және басқа да кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен «Халықаралық бизнес және IT менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Д.М Жантасова қатысты.
Тақырыпты ашу барысында білім алушылар бейнебаян бойынша сұрақтарға жауап берді.
Дәріс барысында ақша нарығының мәні, құрылымы және негізгі құралдары мен ақшаға сұраныс пен ұсыныс механизмі түсіндірілді. Ақша нарығының Қазақстан экономикасындағы рөлі айқындалып көрсетілді. Дәріс барысында PowerPoint презентациясы, ақша нарығының құрылымын көрсететін диаграммалар , Қазақстан Ұлттық Банкінің пайыздық мөлшерлеме графигі қолданылды.
Лектор мен білім алушылар арасындағы кері байланыс лекция барысындағы сұрақ-жауап, пікірталас барысынан көрінді.


