📘 Тұрақты маркетинг пәні бойынша ашық практикалық сабақ
2026-01-05
2025 жылғы 3 желтоқсанда коворкинг орталығында «Цифрлық маркетинг технологиялары және аналитика» тақырыбында халықаралық бизнес және менеджмент кафедрасының оқытушысы М.С. Сапанова өткізген ашық практикалық сабақ өтті.
Сабаққа экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушылары Г. Иманова, Д. Жантасова, сондай-ақ халықаралық бизнес және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Х.Б. Арипханова және басқа да профессорлық-оқытушылық құрам өкілдері қатысты.
Сабақ барысында студенттер белсенді түрде пікірталасқа қатысып, бейнепрезентация бойынша сұрақтарға жауап берді, цифрлық маркетинг технологияларын, аналитика түрлерін және маркетингтік жоспарлау үдерістерін талқылады, сондай-ақ практикалық кейстермен жұмыс жасады.
Ашық сабақ оқытушы мен студенттер арасындағы тиімді кері байланысты көрсетіп, аналитикалық ойлау мен практикалық дағдыларды дамытуға ықпал етті.

