Ашық сабақ
background

Ашық сабақ

2025-12-27

Медиатека / Жаңалықтар / Ашық сабақ

«ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ» АҚ

«Педагогикалық және гуманитарлық білім беру»  факультеті

«Педагогика және психология»  кафедрасы

 

      Кафедраның магистр, аға оқытушысы Г.Д.Чинибаеваның «6В01302 – «Бастауышты оқытудың  педагогикасы және әдістемесі» мамандығының  ПИК-24-5к7 топ студенттеріне  «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі және педагогикалық шеберлік» тақырыбындағы

АШЫҚ САБАҚ.

 

Сабақтың тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі және педагогикалық шеберлік

Сабақтың түрі: дәріс сабағы

Сабақтың әдісі:  Интерактивті тренинг-сабақ / практикалық шеберлік сессиясы

Сабақты өту форматы: Топтық жұмыс, кейс-талдау, рефлексия.

Сабақтың көрнекілігі: Флипчарт, маркер, презентация, стикерлер, Kahoot/QR-тест, видеоролик.

Өтілетін орны: 101аудитория

 

    Жаңа материалдарды меңгерту: Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – өзгермелі қоғам жағдайында өз бетінше ойлайтын, өмірлік мәселелерді шеше алатын, кәсіби және тұлғалық тұрғыда дамыған белсенді тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мұғалімнің рөлі айрықша. Мұғалім – оқыту үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы, фасилитатор, оқушылардың әлеуетін ашуға ықпал ететін кәсіби маман.

Заманауи педагогқа қойылатын талаптар күшейіп отыр: пәндік білімнің тереңдігі, әдістемелік шеберлік, психологиялық дайындық, цифрлық құзыреттіліктер, коммуникативтік дағдылар, инновацияға бейімділік. Осы талаптардың жиынтығы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін айқындайды.

Сабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаты

1.  Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі туралы заманауи түсінік қалыптастыру.

2.  Педагогикалық шеберліктің негізгі компоненттерін талдау.

3.  Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі түрлерін атайды.

4.  Педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктерін түсіндіреді.

5.  Нақты жағдайларға кәсіби құзіреттілік моделін қолдана алады.

6.  Мұғалімнің шеберлігін арттыру жолдарына өз ұсыныстарын құрастырады.

Күтілетін нәтижелер

Қатысушы:

·     Мұғалім құзыреттілігінің құрылымы мен мазмұнын түсіндіреді;

·     Педагогикалық шеберліктің элементтерін тәжірибеде қолдана алады;

·     Өзінің кәсіби деңгейін бағалайды;

·     Жеке даму бағдарламасының бастапқы нұсқасын жасайды.

 Қолданылатын әдістер

·     «Блиц-сұрақтар»

·     Кейс-стади

·     SWOT талдау

·     Видеоталдау

·     Рефлексия «1 қадам алға» әдісі

 Қажетті құралдар

·     Проектор немесе интерактивті тақта

·     Флипчарт, маркер

·     Стикер, А4 қағаз

·     Видео немесе қысқа мотивациялық ролик

Дәрісті талдау, қорытындылау.

Құрметті студенттер және қонақтар, оқытушылар, бүгінгі «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі және педагогикалық шеберлік» тақырыбындағы ашық сабағымыздың басты идеясы – заманауи мұғалім тек пәнді меңгерген маман ғана емес, сонымен бірге жан-жақты, үздіксіз дамып отыратын тұлға екенін ұғыну.

Кәсіби құзіреттілік – бұл мұғалімнің білім, білік, дағдысы ғана емес, оның оқушыны түсіне білуі, әр баланың қабілетін аша алуы, оқу процесін тиімді ұйымдастыруы, жаңашыл технологияларды меңгеруі. Ал педагогикалық шеберлік – осы құзіреттіліктің шығармашылықпен ұштасқан көрінісі. Шынайы шебер мұғалім – өз ісіне ынтық, оқушының жүрегіне жол таба алатын, әр сабақты әсерлі етіп құрастыратын ұстаз.

Бүгінгі сабақты қорытындылай келе:

·      мұғалім кәсібилігі – сапалы білімнің кепілі;

·      педагогикалық шеберлік – әр сабақтың рухани күші;

·      үздіксіз ізденіс пен жаңашылдық – заманауи ұстаздың басты серігі екенін атап өткім келеді.

Біз бір-бірімізден үйреніп, тәжірибе алмаса отырып, білім беру сапасын жаңа деңгейге көтере аламыз. Бүгінгі ашық сабақ сіздерге пайдалы ой, жаңа идея, шабыт берді деп сенемін.