ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРҒА TASHENEV UNIVERSITY ӨКІЛІ ҚАТЫСТЫ
background

ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРҒА TASHENEV UNIVERSITY ӨКІЛІ ҚАТЫСТЫ

2025-12-23

Медиатека / Жаңалықтар / ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРҒА TASHENEV UNIVERSITY ӨКІЛІ ҚАТЫСТЫ

Астана қаласындағы Esil University базасында Erasmus+ бағдарламасы аясында жоғары білім беру саласына арналған бірқатар маңызды халықаралық іс-шаралар өтті.
🔹 «Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару саласындағы жоғары білімге Erasmus+ жобаларының әсері» тақырыбында кластерлік кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара Erasmus+ бағдарламасының аяқталған және жүзеге асырылып жатқан жобаларының нәтижелерін талқылауға, олардың жеке, институционалдық және ұлттық деңгейдегі әсерін бағалауға, сондай-ақ болашақ жобаларға арналған ұсынымдар әзірлеуге бағытталды.
🔹 Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының Ақпараттық күні өтті. Шара барысында 2026 жылғы конкурсқа енгізілген жаңашылдықтар таныстырылып, бәсекеге қабілетті жобалық өтінімдер дайындау бойынша практикалық ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары арасында тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
Аталған іс-шараларға Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттен
Алия Оралбекова — Ғылым және инновациялар департаментінің директоры қатысып, Erasmus+ бағдарламасының ғылыми-зерттеу, академиялық даму және халықаралық әріптестікті кеңейту бағытындағы мүмкіндіктерімен танысты.
Бұл кездесулер TASHENEV UNIVERSITY үшін халықаралық жобаларға қатысуды күшейтуге, ғылыми әлеуетті арттыруға және еуропалық білім беру кеңістігімен ынтымақтастықты дамытуға маңызды алаң болды.