ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРҒА TASHENEV UNIVERSITY ӨКІЛІ ҚАТЫСТЫ
2025-12-23
Mediathek / News / ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРҒА TASHENEV UNIVERSITY ӨКІЛІ ҚАТЫСТЫ
Астана қаласындағы Esil University базасында Erasmus+ бағдарламасы аясында жоғары білім беру саласына арналған бірқатар маңызды халықаралық іс-шаралар өтті.
Аталған іс-шараларға Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттен
Алия Оралбекова — Ғылым және инновациялар департаментінің директоры қатысып, Erasmus+ бағдарламасының ғылыми-зерттеу, академиялық даму және халықаралық әріптестікті кеңейту бағытындағы мүмкіндіктерімен танысты.
Бұл кездесулер TASHENEV UNIVERSITY үшін халықаралық жобаларға қатысуды күшейтуге, ғылыми әлеуетті арттыруға және еуропалық білім беру кеңістігімен ынтымақтастықты дамытуға маңызды алаң болды.


