«Бір өлең — бір сахна» тақырыбындағы халықаралық байқау
background

«Бір өлең — бір сахна» тақырыбындағы халықаралық байқау

2025-12-12

Медиатека / Жаңалықтар / «Бір өлең — бір сахна» тақырыбындағы халықаралық байқау

2025 жылдың 12 желтоқсан күні Жұмабек Тәшенев университетінде жастар арасында көркем сөзге, әдебиет пен театр өнеріне деген қызығушылықты арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ ұлттық және заманауи құндылықтарды халықаралық деңгейде насихаттау мақсатында «Бір өлең — бір сахна» халықаралық байқауы өткізілді.

Аталған халықаралық байқау Жұмабек Тәшенев университеті мен Қазақстан Республикасындағы өзбек этномәдени бірлестіктерінің «Достық» қауымдастығы ынтымақтастығында өтті.

Байқауға әртүрлі елдерден онлайн әрі келіп қатысқан жастар ұлттық және заманауи поэзия үлгілерін сахналық қойылым түрінде орындады. Қатысушылардың өнері сахна мәдениеті, көркемдік шеберлік, мәнерлеп оқу және образ жасау деңгейі бойынша қазылар алқасы тарапынан бағаланды.

Іс-шара жастардың әдебиет пен театр өнеріне қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және халықтар арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етті.

Қорытынды бойынша, «Бас жүлде»ні Жұмабек Тәшенев университетінің ФИ-23-3к тобының студенті Атажанова Дилдора және ФИ-22-3к тобының студенті Османова Гулноза бөліссе, 1-орындарды Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының 2-курс студенті Ирода Ахмадова, Жұмабек Тәшенев университетінің 2-курс студенті Назирханов Сардор, 1-курс студенті Шадикулова Нигора, 2-орындар ФИ-22-3к тобының студенті Абдураимов Нурдавлат, ФИ-25-6к тобының студенті Ертаева Нозима, ӨзМХА 4-курс студенті Жамшид Мирсолиев, 3-орындар ФИ-23-3к тобының студенті Абдуганиева Гулхае, ФИ-24-3к тобының студенттері Ишанкулова Мухлиса,  иззатуллаева Махларайим ие болды.