Мәдениетаралық коммуникациядағы вербалды емес құралдардың ерекшеліктері
2025-12-17
2025 жылдың 13 желтоқсанында Жұмабек Тәшенев атындағы университет Әлем тілдері институты «Орыс және өзбек тілдері» кафедрасының 2-3-курс студенттері және магистранттарына Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің доценті Исматуллаева Наргиза Расуловна қонақ-лекциялар өтті. Өткізген қонақ лекцияларда мәдениетаралық коммуникацияда қолданылатын вербалды емес құралдардың ерекшеліктері жан-жақты талқыланды. Лекцияның негізгі мақсаты – әртүрлі мәдени контекстерде коммуникацияны тиімді жүргізу үшін вербалды емес сигналдардың рөлін түсіндіру болды.
Вербалды емес коммуникация – бұл сөз арқылы емес, дене қимылдары, мимика, көзқарас, қимыл-қозғалыс, киім үлгісі, дауыс интонациясы және басқа да бейнелі құралдар арқылы ақпарат жеткізу әдісі. Мәдениетаралық коммуникацияда бұл құралдар ерекше маңызды, себебі әр мәдениет өзіне тән вербалды емес белгілерді қолданады.
Лекцияда студенттерге практикалық мысалдар көрсетілді: түрлі мәдениет өкілдері арасындағы бейнелі коммуникацияны талдау, қателіктер мен түсінбеушіліктерді болдырмау жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, вербалды емес құралдарды тиімді пайдалану арқылы мәдениетаралық қатынастарды жақсарту стратегиялары ұсынылды.



