«БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП» БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОО-АРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА
2025-11-12
2025 жылдың 26 қараша күні 2025 жылдың қарашаның 26 жұлдызында Орталық-Азия инновациялық университетінде «Бухгалтерлер Ассоциациясы» кәсіби бухгалтерлердің ұйымымен бірлесе отырып, «Бухгалтерлік есеп пен аудит» саласындағы ЖОО-аралық халықаралық олимпиада өткізді. Олимпиада екі кезеңнен өтті тесттер және есептерді шешу «Басқару есебі», «Қаржылық есеп» пәні бойынша.
Конкурска 3 курс студенттері «Экономика және басқару» кафедрасының 6В04101 -«Есеп және аудит», 6В04102 -«Қаржы», 6В04103 – «Экономика» білім беру бағдарламасының «SmartBalance» командасы Ахмедова Мафтуна, Ауезхан Улдана, Розкулова Севинч қатытсты. Ғылыми жетекшісі: Абдурахманова Зулпаруза Амирбековна – э,ғ.м. аға оқытушы, Сапарбаева Эльмира Абтихаймовна – э,ғ.м. аға оқытушы.
Олимпиаданың – өткізу мақсаты:
«Есеп және аудит» мамандығына қызығушылықты арттыру, білім алушылардың кәсіби және аналитикалық дағдыларын дамыту, бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы базалық білім деңгейін тексеру, теориялық білімді практикада қолдануға үйрету.
«SmartBalance» командасы осы сынақтардан өтіп ең жоғары нәтиже көрсеткені үшін II - орын дипломымен, сертификатымен, алғыс хатпен және «Ең креативтік комнда» номинациясымен марапатталды.
Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!







