Ашық сабақ
background

Ашық сабақ

2025-11-03

Медиатека / Жаңалықтар / Ашық сабақ

«Әлем тілдері» кафедрасының филология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы М.Б. Қадырова жүргізген «Оқытылатын шет тілдерінің теориясының негіздері (грамматика, фонетика)» пәнінен «Numeral» тақырыбындағы ашық сабақты талқылау ФИ-24-9р тобының 2-курс студенттерімен өтті.

Ашық сабақтың негізгі мақсаты – студенттерге ағылшын тіліндегі сан есімдердің түрлерін, олардың грамматикалық ерекшеліктерін және сөйлем ішінде қолданылуын жан-жақты түсіндіру, теориялық білімді практикалық тапсырмалар арқылы бекіту, сондай-ақ қазіргі заманға бейімделген цифрлық құралдар арқылы оқыту тиімділігін арттыру болды.

Сабақ барысында оқытушы сан есімдердің классификациясын кеңінен түсіндіріп қана қоймай, геймификация және цифровизация әдістерін қолдану арқылы оқу процесін қызықты әрі нәтижелі етуге баса назар аударды. Атап айтқанда, Kahoot, LearningApps, Wayground, WorldWall, Quizizz, Padlet сияқты интерактивті платформаларды пайдалана отырып, студенттерге грамматиканы тиімді түрде түсіндіруге мүмкіндік жасалды.

Оқытушы көрнекілік құралдарын, интерактивті оқыту әдістерін, аудио-видео материалдарды, түрлі ойын элементтерін, квиздар мен рөлдік ойындарды орынды қолданып, білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын едәуір арттыра білді. Бұл тәсілдер студенттердің материалды тез қабылдауына, талдау дағдыларын дамытуына және практикалық қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті