Ж.А. Тәшенeв атындағы университеттің 6B02101 – «Дизайн» білім беру бағдарламасының НАОКО Халықаралық мамандандырылған аккредитациясынан өтуі (2025 жылғы 6–7 қараша)
2025-11-20
Ж.А. Тәшенев атындағы университеттің 6B02101 – «Дизайн» білім беру бағдарламасы НАОКО Халықаралық мамандандырылған аккредитациясынан сәтті өтті. Эксперттік комиссия студенттерді даярлау сапасын, оқу ортасын және кәсіби сала өкілдерімен өзара жұмысты жан-жақты бағалады.
Алғашқы күні НАОКО сарапшылары университетпен, оның инфрақұрылымымен және материалдық-техникалық базасымен танысты. Құрылымдық бөлімдермен, деканатпен, кафедра меңгерушілерімен, оқытушылармен, түлектермен, студенттермен және жұмыс берушілермен кездесулер өтті. Білім беру бағдарламасының мақсаттары, оқу нәтижелері, түлектердің жұмысқа орналасуы және факультеттің дизайн индустриясымен өзара іс-қимылы талқыланды.
Екінші күні сарапшылар білім беру бағдарламасының тәжірибе базаларына барды: «Парасат» жеке мектебі мен Жанна Елтанова ханымның Креатив индустрия хабы. Онда олар дизайн мамандығы студенттерінің кәсіби тәжірибеден өту жағдайларымен танысты. Сонымен қатар, оқытушылардың ашық сабақтары өткізілді, онда сарапшылар оқыту әдістемелерін, студенттердің белсенділігін және оқу үдерісінің заманауи стандарттарға сәйкестігін бағалады.
Аккредитациядан өту рәсімі білім беру бағдарламасының сапасын, өзектілігін және дизайн саласы үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталғандығын көрсетті.





