ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ–ДА Г. СҮГІРБАЕВАНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ 35 ЖЫЛ ТОЛУЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
background

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ–ДА Г. СҮГІРБАЕВАНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ 35 ЖЫЛ ТОЛУЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

2025-11-21

Медиатека / Жаңалықтар / ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ–ДА Г. СҮГІРБАЕВАНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ 35 ЖЫЛ ТОЛУЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және ұстаз, ғалым Гүлжан Дәулетбекқызы Сүгірбаеваның ғылыми-педагогикалық қызметіне 35 жыл толуына арналған «Қазақстан халқының көпэтностық құрамы: тарихы мен қазіргі кезеңі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Шараға қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар өкілдері, танымал ғалымдар, академиктер, сондай-ақ шетелдік университеттердің зерттеушілері қатысты.
Академик Оңалбай Аяшевтің құттықтау сөзі
«Университет – білім мен ғылымның алтын бесігі, талай ұрпақты түлеткен қасиетті шаңырақ.
Гүлжан Дәулетбекқызының қажырлы еңбегі университеттің өркендеуіне, халықаралық байланыстарының кеңеюіне тың серпін берді. Сізге зор денсаулық, сарқылмас шабыт пен отбасылық бақ-береке тілеймін!»
— Оңалбай Аяшев, Ж.А. Тәшенев атындағы университет басқарушысы, ҚР ҰҒА академигі
Жиында Қазақстан халқының көпэтностық құрамының тарихи қалыптасуы, кезеңдік өзгерістері мен қазіргі тенденциялары талқыланды.
Ғалымдар этносаралық келісім, қоғамдық тұрақтылық, рухани даму, жастар арасындағы толеранттылық мәдениеті жөнінде баяндамалар жасады.
Қатысушылар Гүлжан Сүгірбаеваның білім беру саласындағы 35 жылдық еңбегін ерекше атап өтіп, оның университетті дамытудағы жетекшілік рөлін, халықаралық байланыстарды кеңейтуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
Оның бастамасымен ОҚПУ әлемнің жетекші ЖОО-ларымен меморандумдар жасасып, ғылыми серіктестікті нығайтқаны баса айтылды.
Сонымен қатар, оқу орнына Өзбекәлі Жәнібеков есімінің берілуі — университет ұжымының рухани жаңғыруға қосқан үлесінің маңызды кезеңі екені атап өтілді.
Халықаралық конференция ғылыми пікір алмасудың мазмұнды алаңына айналып, этносаралық келісім мен бірлік мәселелерін терең талдауға мүмкіндік берді.
Университет ұжымына алдағы уақытта да ғылым мен білімді дамытудағы еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз.
Біз біргеміз!