ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ИНСТИТУТЫНДА СТУДЕНТТЕРДІ АРНАЙЫ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ
background

ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ИНСТИТУТЫНДА СТУДЕНТТЕРДІ АРНАЙЫ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

2025-11-21

Медиатека / Жаңалықтар / ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ИНСТИТУТЫНДА СТУДЕНТТЕРДІ АРНАЙЫ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Tashenev University құрамындағы Әлем тілдері институтында дәстүрлі бірінші курс студенттерін арнайы қабылдау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жаңа студенттер үлкен академиялық ортаға ресми түрде қабылданды.
Іс-шараның ашылуында институт директоры Жанна Ботабаева студенттерге жүрекжарды тілегін жеткізді:
«Бүгін сіздер жаңа өмір белесінің табалдырығында тұрсыздар. Тіл меңгеру — адамға шексіз мүмкіндіктер ашатын үлкен күш. Біздің институтта сапалы білім алып, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті маман болып шығатыныңызға сенемін. Біз сіздерге қолдау көрсетуге әрдайым дайынбыз», — деді ол.
Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының атынан сөз сөйлеген институттың студенттік директоры Төлеген Назерке бірінші курс студенттерін белсенді, бастамашыл болуға үндеді:
«Бұл институт сіздердің дамуларыңызға, шығармашылық ойларыңызға, көшбасшылық қабілеттеріңізге мүмкіндік беретін орта. Біз сіздерді жаңа идеялармен, жаңа жобалармен күтеміз. Бүгіннен бастап сіздер — бір отбасының мүшесісіздер», — деп атап өтті.
Рәсім барысында студенттер институт дәстүрімен танысып, салтанатты ант қабылдады. Шара жаңа буынға ерекше серпін мен рухани мотивация сыйлады.
Tashenev University жанындағы Әлем тілдері институты көптілді, бәсекеге қабілетті және жаһандық ойлайтын мамандар даярлау миссиясын жалғастыра береді.