Семинар «Неміс тілін үйренудің артықшылықтары және неміс тілді елдерде білім алу мүмкіндіктері»
2025-10-30
Шымкент қаласында Германия мұғалімдері қауымдастығы президентінің орынбасары Махажанова Д.И. және Алматыдағы Гёте-Институтының өкілінің қатысуымен білім беру семинары өтті.
Іс-шараның мақсаты — студенттердің неміс тілінің қазіргі білім беру және кәсіби кеңістіктегі маңызын кеңінен түсінуіне ықпал ету, сондай-ақ оның академиялық және мансаптық даму тұрғысындағы мүмкіндіктерімен таныстыру болды.
Семинар барысында қатысушылар неміс тілін меңгерудің артықшылықтары, оның халықаралық қатынастар мен мәдени алмасудағы рөлі туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар, Германияның жетекші университеттерінде академиялық бағдарламаларға, студенттік алмасуларға және білім беру жобаларына қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.
Ерекше назар тілді тәжірибелік тұрғыда меңгеру және алған білімді кәсіби қызметте қолдану мәселелеріне аударылды. Бұл студенттердің халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, семинарда білім беру мобильділігі, гранттық бағдарламалар, тағылымдамалар және халықаралық жобаларға қатысу сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Іс-шара студенттердің неміс тіліне деген қызығушылығын арттырып, шетелдік білім беру ұйымдарымен тиімді байланыс орнату дағдыларын қалыптастыруға және академиялық әрі кәсіби болашағын халықаралық деңгейде жоспарлауға ықпал етті.


