
Құттықтаймыз!
2025-10-03
Ж.А. Тәшенев атындағы университет, «Педагогикалық және гуманитарлық ғылымдар» факультеті , «Бастауыш және мектепке дейінгі білім» кафедрасының профессоры педагогика ғылымдарының докторы, ҚПҒА академигі Молдабек Құлахметтің Q1 Scopus базасында мақаласы жарияланды:
“Study of Acmeological Competencies Among Pre-Service Teachers Through Psychometric and Demographic Lenses”
Educational Process: International Journal
Нәтиже көрсеткіші: CiteScore – 7.8, Percentile – 82% (Q1)
Ж.А. Тәшенев атындағы университеттің көрнекті ғалымы, педагогика ғылымдарының докторы. Оның жетекшілігімен көптеген ғылыми жобалар жүзеге асырылып, жас ғалымдар тәрбиеленуде.
Ғалымның халықаралық беделі тағы бір мәрте дәлелденіп, Scopus дерекқорындағы Q1 деңгейіндегі “Educational Process: International Journal” журналында «Study of Acmeological Competencies Among Pre-Service Teachers Through Psychometric and Demographic Lenses» атты мақаласы жарық көрді. Бұл университетіміздің ғылыми әлеуетін халықаралық деңгейде танытатын үлкен жетістік болып табылады.