
TASHENEV UNIVERSITY-НЫҢ ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ЖАТАҚХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Медиатека / Жаңалықтар / TASHENEV UNIVERSITY-НЫҢ ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ЖАТАҚХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Шымкентте Tashenev University-дің Ю. Гагарин көшесінде орналасқан жаңғыртылған студенттік жатақханасы ашылды. Жалпы 200 орынға арналған бұл жатақхана университеттің толық меншігінде, студенттерге жайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадамға айналды. Жатақхана студенттердің жайлы өмір сүруі үшін барлық қажетті жағдайлармен қамтылған: жаңа кереуеттер, жиһаздар мен төсек-орын жабдықтары орнатылған, кір жуатын бөлмелер мен асхана жұмыс істейді, сондай-ақ заманауи спорт залдың құрылысы жүргізілуде. Tashenev University әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын атап өтті: «Студенттердің жайлы ортада білім алуы – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Гагарин көшесіндегі жаңа жатақхана – бұл тек ғимарат қана емес, нағыз студенттік кампус. Мұнда жастар тек тұрып қана қоймай, спортпен шұғылданып, бос уақыттарын тиімді өткізе алады. Біз әрбір студент өз үйіндегідей жайлы сезінуін қалаймыз». Жаңа жатақханада тұратын студент өз әсерімен бөлісті: «Бізге осындай жағдай жасалғанына қуаныштымыз. Мұнда бәрі жаңа әрі заманауи: асхана, кір жуатын бөлмелер бар, жақында спорт зал ашылады. Енді толықтай оқуға көңіл бөлуге болады, себебі тұрмысқа барлық жағдай жасалған. Бағасы да өте қолжетімді. Бұл біз үшін үлкен қолдау», - деді 1 курс студенті Сымбат Тұрлыбек. Сонымен қатар, Tashenev University студенттері үшжақты мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында басқа жатақханаларда да тұра алады: Ғ. Иляев көшесінде, Байдибек би даңғылында және Дулати көшесінде (Гипер Хаус). Жалпы университеттің жатақхана қоры 800 орынға есептелген. Орын тапшылығы жоқ. Все реакции: