STEM пәндері бойынша өзіндік оқуда компьютерлік көру және машиналық оқыту қолданылуда – Ташенев университетінің зерттеуі
background

STEM пәндері бойынша өзіндік оқуда компьютерлік көру және машиналық оқыту қолданылуда – Ташенев университетінің зерттеуі

Нахипова Венера Исмаиловна - Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасының техника ғылымдарының магистрі
Медиатека / Scopus мақалалары / STEM пәндері бойынша өзіндік оқуда компьютерлік көру және машиналық оқыту қолданылуда – Ташенев университетінің зерттеуі

International Journal of Advanced Computer Science & Applications (Q3, CiteScore 2.3) журналында Нахипова Венераның зерттеуі жарияланды. Онда STEM бағытындағы пәндерді (ғылым, технология, инженерия, математика) өздігінен оқуда компьютерлік көру мен машиналық оқыту технологияларын қолдану талданған.

 Цифрлық жүйе оқушының:

·     назарын камера арқылы бақылайды,

·     назар аудармау немесе шаршау белгілерін анықтайды,

·     оқу мазмұнын оқушының деңгейіне сай бейімдейді.

Нәтижелері:

·     Оқушының өздігінен жұмыс істеу сапасы артты;

·     Жүйе нақты уақытта кері байланыс береді;

·     Мұғалімсіз оқуда үлгерім деңгейі жоғарылады.

 Бұл әдіс қашықтықтан оқытуда және үй тапсырмаларын орындауда үлкен көмек көрсете алады. Жасанды интеллект білім беру процесін жекелендіріп, тиімділігін арттыруға жол ашады.

 

International Journal of Advanced Computer Science & Applications. – 2024. – Vol. 15. – №1. Р.819-827(Citescore 2023-2.3;   Q3, 43  persentile)

https://doi.org/10.14569/IJACSA.2024.0150182