Scratch арқылы бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығы мен үлгерімі артты – зерттеу нәтижесі
background

Scratch арқылы бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығы мен үлгерімі артты – зерттеу нәтижесі

Нахипова Венера Исмаиловна - Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасының техника ғылымдарының магистрі
Медиатека / Scopus мақалалары / Scratch арқылы бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығы мен үлгерімі артты – зерттеу нәтижесі

Open Education Studies (Q2, 64-перцентиль) журналында жарияланған зерттеуде Ташенев университетінің оқытушысы Нахипова Венера бастауыш сынып оқушыларына арналған Scratch бағдарламалау тілі арқылы оқуға ынталандыру мен үлгерім көрсеткіштерін зерттеді.

Scratch – балаларға арналған визуалды бағдарламалау ортасы. Оқушылар өз жобаларын, анимацияларын, ойындарын жасап, логикалық ойлау мен креативтілікті дамытады.

Зерттеу нәтижелері:

·  Scratch қолданылған сыныптарда оқушылардың сабаққа қатысу деңгейі жоғары болды;

·  Математика мен логика сабақтарындағы білім сапасы 78% жағдайда артты;

·  Балалар тапсырмаларды белсенді, шығармашылықпен орындады және өз ойларын еркін жеткізді.

Зерттеу алгоритмдік ойлау мен цифрлық дағдыларды ерте кезеңнен қалыптастырудың маңызын көрсетеді. Scratch – тек ИКТ құралы емес, оқытудағы жаңа мотивациялық тәсіл.

 

 

Open Education Studies 2024; Vol.6: 20220228,  Q2, 64  persentile