Алматы қаласындағы мысықтардан Giardia паразиті табылды: Ташенев университетінің оқытушысы маңызды зерттеуге қатысты
background

Алматы қаласындағы мысықтардан Giardia паразиті табылды: Ташенев университетінің оқытушысы маңызды зерттеуге қатысты

Медиатека / Scopus мақалалары / Алматы қаласындағы мысықтардан Giardia паразиті табылды: Ташенев университетінің оқытушысы маңызды зерттеуге қатысты

American Journal of Animal and Veterinary Sciences (Q2, CiteScore 1.9) журналында жарық көрген мақалада Ташенев университетінің оқытушысы Д. Куренкеева зерттеу тобы құрамында Алматы қаласындағы үй және панасыз мысықтар арасында Giardia duodenalis паразитінің таралуын зерттеді.

Giardia duodenalis — ішек жолдарына әсер ететін және адамға да жұғу қаупі бар (зоонотикалық) паразит. Ауру нәжіспен, лас сумен немесе жанасу арқылы таралады.

100-ден астам мысықтан алынған нәжіс үлгілері молекулалық (ПТР) әдіспен зерттелді. Бұл паразиттің нақты бар-жоғын сенімді анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижелері:

·     Панасыз мысықтар арасында жұқтыру деңгейі жоғары (шамамен 30%);

·     Себептері — тар әрі таза емес орта, алдын алу шараларының болмауы;

·     Панажайларда дезинфекция мен скрининг жүйесін енгізу ұсынылады.

Бұл зерттеу тек ветеринарлық тұрғыдан емес, қоғамдық денсаулық сақтау тұрғысынан да маңызды. Зерттеу нәтижелері жануар иелері мен приют қызметкерлері үшін оқу бағдарламаларын әзірлеуге негіз бола алады.

 

American Journal of Animal and Veterinary Sciences, Vol. 19 No. 3, 2024, 273-279. DOI: https://doi.org/10.3844/ajavsp.2024.273.279 American Journal of Animal and Veterinary Sciences (CiteScore 1.9, 57% Q2)