«Шымкент – қызғалдақтар қаласы» халықаралық суретшілер симпозиумы
background

«Шымкент – қызғалдақтар қаласы» халықаралық суретшілер симпозиумы

2025-06-23

Медиатека / Жаңалықтар / «Шымкент – қызғалдақтар қаласы» халықаралық суретшілер симпозиумы

2025 жылдың 22 шілде күні үшінші мегаполисте «Шымкент – қызғалдақтар қаласы» халықаралық суретшілер симпозиумы А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында өтті. Маңызды мәдени шара арнайы Қала күніне орай 18–22 маусым аралығында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен бірінші рет өтіп жатыр.  

Халықаралық симпозиумға Қазақстанның әр өңірінен және Түркия (Анталия), Қырғызстан (Бішкек), Тәжікстан (Душанбе), Ресей Федерациясы (Қазан) және Өзбекстаннан жалпы 16 қылқалам шебері қатысты. Осындай тарихи сәтте, өнертанушылар, мәдениет саласының өкілдері мен зиялы қауымдармен бірге Ж.А. Тәшенев университетінің «Дизайн» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысып, шығармашылық байланыс орнатуға әрі тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік алдық.

Шараның басты мақсаты – қала келбетін, өңірдің тарихы мен салт-дәстүрін сурет өнері арқылы кескіндеу және ұлттық мәдени қорды жаңа туындылармен толықтыру. Симпозиумға қатысушы суретшілер Шымкент қаласының әртүрлі көрікті нысандарында шығармашылық жұмыстарын бейнелеген. Атап айтқанда, Шымкент қаласының жалпы көрінісі, «Шымқала» тарихи-мәдени кешені, Шымкент теміржол вокзалы, «Қызғалдақ сарайы», Shymkent City» саябағы, Түркістан сарайы, «Есжанұлы Сейітжан қари» атындағы мешіт, А. Асқаров атындағы дендросаябағы, Бәйдібек би ескерткіші, Шымкент қаласының әкімдігі, «Арбат» мәдениет және демалыс саябағы, «Қызғалдақ» субұрқағы, Ордабасы алаңы, Әл-Фараби алаңы, Қонаев даңғылы, Ту тұғыры сияқты локациялар қамтылған. 

Ж.А. Тәшенев университетінің «Дизайн» кафедрасы қылқалам шеберлеріне шығармашылық шабыт тілейміз, сәтті туындылар күтеміз!