«Жаңа Қазақстан: жастар және ғылым» студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
background

«Жаңа Қазақстан: жастар және ғылым» студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2022-04-15

Медиатека / Жаңалықтар / «Жаңа Қазақстан: жастар және ғылым» студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

«Сырдария» университетінде Ұлт Ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Жаңа Қазақстан: жастар және ғылым» атты студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі VІІІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның ашылу салтанаты университет ректоры, философия докторы (PhD) Тоқмұрзаев Бақыт Салманұлы мен университеттің Ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, ЖОО үздік оқытушысы -2021 атағының иегері Абенова Ләззат Усманқызының құттықтау сөзінен басталды.

Конференция 4 секция бойынша жұмыс жүргізді

◊ Секция 1. Өнер және гуманитарлық ғылымдар;

◊ Секция 2. Педагогикалық ғылымдар;

◊ Секция 3. Жаратылыстану ғылымдары;

◊ Секция 4. Бизнес, басқару және құқық.

Конференцияда барлығы 196 студент баяндама жасады. Конференция студенттердің шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін, кәсіби мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін табуға деген ұмтылысын көрсетті. Іс-шара студенттердің қарым-қатынасының сәтті алаңына айналды, сонымен қатар тәжірибе алмасу, университет имиджін көтеру, оның дәстүрлері мен құндылықтарын байытуға сеп болды.

         Қазіргі таңда республикалық, халықаралық рейтингтердегі жоғары көрсеткіштерінің бірі - студенттік ғылымның нәтижелілігі болып табылады. Сондықтан университет студенттік зерттеулерді халықаралық деңгейге көтерумен байланысты іс-шараларды әрдайым қолдап отырады. Бір қуанарлық жағдай Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері тарапынан университетте өтетін конференцияға деген қызығушылықтар  артып,  халықаралық байланыстар жыл сайын кеңейіп келе жатқандығында.

Ұлт Ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Жаңа Қазақстан: жастар және ғылым» атты конференция  Қазақстан мен әлемнің ғылым, білім берудің көкейкестi мәселелерін талқылайтын пiкiрталас алаңына айналды.

 Ғылым жолын, ғылыми-зерттеу жолын таңдаған студенттердің қадамдарына сәттілік, сәт-сапар тілейміз! Жастар -  еліміздің болашағы. Жастар – мәңгілік қазақ елін жасаушы ұлттың тірегі. Ол көп оқып, көп тоқуды талап етеді. Сондықтан да жастардың үнемі ізденісте болуы – шарт. Осы ретте бұл конференцияның  студентерге берері көп!