«Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасында зерттеуге бағытталған оқыту, цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні сабақ жоспарлау барысында тиімді қолдануға арналған әдістемелік семинар өтті.
2026-11-02
ЗЕРТТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2026 жылғы 2 қарашада Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің «Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасында «Зерттеуге бағытталған оқу: цифрлық құралдар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Семинарды кафедраның аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Сапарова Нұргүл Төлегенқызы ұйымдастырды.
Іс-шараға кафедра оқытушылары және «Өнер және гуманитарлық білім беру» факультетінің 6В01509 «География–Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 1509-25-1қ және 1509-25-2қ топтарының студенттері қатысты.
Семинар барысында қатысушылар келесі мәселелерді талқылады:
– жасанды интеллект негізінде сабақ жоспарының құрылымын әзірлеу;
– оқу мақсаттарын тарихи концептілермен байланыстыру жолдары;
– оқыту мақсаттарына сәйкес білім, білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін әдістер;
– цифрлық құралдарды сабақ жоспарлау барысында тиімді пайдалану;
– зерттеуге бағытталған оқыту тәсілдерін білім беру процесіне енгізу.
Қатысушылар тарихи концептілерге негізделген оқытудың артықшылықтарын тереңірек түсініп, сабақ жоспарлау барысында жаңа әдістер мен заманауи технологияларды тиімді қолдану жолдарын меңгерді.
Практикалық жұмыс кезінде білім алушылар оқу мақсаттарын анықтау, сабақ құрылымын әзірлеу және жасанды интеллект құралдарын пайдалану бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.
Семинар қатысушылары белсенділік танытып, тренинг мазмұнының пайдалы әрі өзекті болғанын атап өтті.
Мұндай әдістемелік кездесулер оқытушылар мен студенттердің кәсіби дамуына серпін беріп, цифрлық сауаттылықты арттыруға және білім беру сапасын жетілдіруге ықпал етеді.

