Ж.А. ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БАСҚАРУ САЛАСЫНДАҒЫ IoT ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН АҚЫЛДЫ ЖҮЙЕЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
2026-10-27
Оқытушы: Оспанов Серик Сатыбалдиевич
Тақырыбы: «IoT and Smart Systems in Management»
2026 жылғы 27 қазан күні оқытушы Оспанов Серик Сатыбалдиевич 6103-24а тобының студенттеріне «Information Management Systems» пәні бойынша «IoT and Smart Systems in Management» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Сабақ университеттің коворкинг орталығында ұйымдастырылды.
Аталған сабақтың мақсаты – студенттерге заттар интернеті (IoT) мен ақылды жүйелердің негізгі ұғымдарын түсіндіру, олардың басқару саласындағы рөлі мен қолданылу бағыттарын таныстыру, сондай-ақ заманауи цифрлық технологияларды басқарушылық шешімдер қабылдауда пайдалану ерекшеліктерін меңгерту болды.Сабақ барысында IoT технологияларының құрылымы, жұмыс істеу қағидалары және ақпаратты жинау, өңдеу мен алмасу үдерістері қарастырылды. Сонымен қатар ақылды құрылғылар мен жүйелерді өндірісте, логистикада, көлік, энергетика және қалалық инфрақұрылымды басқаруда қолдану мүмкіндіктері талқыланды. Нақты мысалдар негізінде IoT технологияларының жұмыс үдерістерін автоматтандыруға, ресурстарды тиімді пайдалануға және басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға ықпалы түсіндірілді.
Дәріс презентациялық және ақпараттық форматта өткізіліп, заманауи оқыту әдістері қолданылды. Студенттер сабақ барысында белсенділік танытып, заттар интернеті мен ақылды жүйелерді басқару саласында қолдануға қатысты нақты мысалдарды талқылады және өз пікірлерін білдірді.
Ашық сабақ жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, қойылған мақсаттарға толықтай қол жеткізілді. Сабақ мазмұны студенттердің IoT технологиялары мен ақылды жүйелер туралы білімдерін кеңейтуге, цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға және пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етті.
