«Болашақ тіл мамандарын даярлаудағы жасанды интеллект: халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы даму перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық семинары
background

«Болашақ тіл мамандарын даярлаудағы жасанды интеллект: халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы даму перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық семинары

2026-10-28

Медиатека / Жаңалықтар / «Болашақ тіл мамандарын даярлаудағы жасанды интеллект: халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы даму перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық семинары

«Болашақ тіл мамандарын даярлаудағы жасанды интеллект: халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы даму перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық семинары

Институтты дамытудың «Академиялық сапаны арттыру және білім беруді цифрландыру» стратегиялық бағытын жүзеге асыру аясында орыс және өзбек тілдері кафедрасында «Болашақ тіл мамандарын даярлаудағы жасанды интеллект: халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шара телекөпір форматында ұйымдастырылды.

Семинар оқытушылар мен болашақ педагогтер арасында инновациялық әдістемелерді енгізуге және цифрлық құзыреттіліктерді (AI-assisted language learning) дамытуға бағытталды. Жиынға университеттің студенттері, магистранттары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Бас шақырылған спикер ретінде Орталық Ланкашир Университетінің (UCLan, Престон, Ұлыбритания) Тілдер және жаһандық зерттеулер факультетінің русистика кафедрасының меңгерушісі, В. Высоцкий атындағы Ресей зерттеулері орталығының директоры Ольга Марковна Табачникова сөз сөйледі.

Ғылыми-методикалық шараның ұйымдастырушылары — орыс және өзбек тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Ергешбаева Шынар Нальхожаевна және филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессордың міндетін атқарушы Жұмағұлова Жадыра Жұматайқызы.

Негізгі тақырыптар мен жұмыс нәтижелері

Семинардың екі сағаттық бағдарламасы шетелдік спикердің сараптамалық дәрісін және филологиялық білім беруге ЖИ интеграциялауға арналған практикалық блокты қамтыды.

Қатысушылардың назарында келесі мәселелер болды:

Цифрландыру және инновациялық әдістемелер: генеративті ЖИ құралдары арқылы сабақтарды жобалауды, дидактикалық материалдарды дайындауды және білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруды түрлендіру.

Академиялық адалдық және сыни ойлау: AI-сервистерді әдепті пайдалану ережелері, жасалған контентті тексеру және академиялық адалдық нормаларын сақтау.

Лингвомәдени мәнтек (контекст): цифрлық технологияларды пайдаланудың халықаралық тәжірибесін Қазақстанда орыс және өзбек тілдерін оқытудың ерекшеліктеріне бейімдеу.

Практикалық бөлім барысында қатысушылар педагогтік практикада ЖИ құралдарын қолданудың шынайы кейстерін талдап, олардың шектеулері мен оқыту сапасын арттырудағы әлеуетін талқылады.

Бұл семинарды өткізу орыс және өзбек тілдері кафедрасының оқу процесін цифрландыру, филолог кадрларды даярлау сапасын арттыру және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы кезекті практикалық қадамы болды.