Интерьердің жарық ортасы: атмосфера қалыптастыруды үйренеміз
2026-10-10
Интерьердің жарық ортасы: атмосфера қалыптастыруды үйренеміз
1 қазанда «Дизайн және сән» кафедрасының «Интерьер дизайны» бағыты бойынша білім алатын 1–2 курс студенттері «Креативті индустрия» хабында өткен «Интерьердің жарық ортасы» атты шеберлік сабағына қатысты.
Қатысушылар жарықтандырудың кеңістікті, көңіл күйді және интерьер стилін қалыптастырудағы рөлімен танысты. Сондай-ақ жарықтандыру түрлері, түс температурасы және жарықты сауатты ұйымдастыру қағидалары туралы мәлімет алды.
Шеберлік сабағының практикалық форматы студенттерге кәсіби білімдерін кеңейтіп, жарыққа дизайнердің маңызды құралы ретінде жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.
Жарық — бұл жай ғана функционалдылық емес. Ол — кеңістіктің атмосферасы, көңіл күйі және өзіндік сипаты.