Tashenev University мен Universiti Malaysia Sabah халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде
background

Tashenev University мен Universiti Malaysia Sabah халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

Медиатека / Жаңалықтар / Tashenev University мен Universiti Malaysia Sabah халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

Tashenev University мен Universiti Malaysia Sabah халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

 

2026 жылғы 1 қыркүйекте Tashenev University Малайзияның мемлекеттік жоғары оқу орны — Universiti Malaysia Sabah (UMS) университетінің делегациясын қабылдады. Ресми сапар аясында екі университет өкілдерінің кездесуі өтіп, академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

 

Доктор Фаузия Сулейман Малайзия университетінің академиялық және ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін таныстырып, Tashenev University-мен ынтымақтастық орнатудың перспективалы бағыттарын атап өтті. Сондай-ақ ол бірлескен бастамаларды алдағы уақытта одан әрі дамытуға үміт білдірді.

 

Tashenev University үшін UMS құрамындағы Ғылым және технологиялар факультеті (Faculty of Science and Technology) ерекше қызығушылық тудырады. Бұл факультет ғылым, технология және экологиялық тұрақтылық салаларында білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Факультет құрамында экология ғылымдары, өнеркәсіптік физика, геология, теңіз ғылымдары, аквакультура, биотехнология, өнеркәсіптік химия, математика және компьютерлік графика бағыттары бар.

 

Факультетте 98 қызметкер жұмыс істейді. Олардың ішінде 14 профессор, 21 қауымдастырылған профессор, 48 аға оқытушы және 7 оқытушы бар. Сонымен қатар UMS қолданбалы ғылымдар, Жер туралы ғылымдар, математика, биотехнология және экология ғылымдары салаларында магистратура мен докторантура бағдарламаларын жүзеге асырады.

 

Университеттің табиғи және теңіз ресурстарына бай Сабах аймағында орналасуы қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстар, теңіз ғылымдары, геология және тұрақты даму бағыттарында ғылыми зерттеулер жүргізуге қолайлы жағдай жасайды.

 

Tashenev University ректоры Жанар Қасымбекқызы Рысбекова Universiti Malaysia Sabah-пен ынтымақтастықтың бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми зерттеулер жүргізу және академиялық алмасуды дамыту үшін үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, қол қойылған меморандум осы бағыттардағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға нақты негіз қалайды.

 

UMS делегациясының сапары Tashenev University-дің халықаралық әріптестігін дамытудағы жаңа кезеңге айналып, Қазақстан мен Малайзия арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға ықпал етті.