ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ: ЖАҢА МІНДЕТТЕР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАР АЙҚЫНДАЛДЫ
2026-08-28
Медиатека / Жаңалықтар / ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ: ЖАҢА МІНДЕТТЕР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАР АЙҚЫНДАЛДЫ
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ: ЖАҢА МІНДЕТТЕР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАР АЙҚЫНДАЛДЫ
Бүгін Tashenev University-де 2026–2027 оқу жылындағы №1 Ғылыми кеңес мәжілісі өтті. Жаңа оқу жылы қарсаңындағы маңызды басқосуға университеттің Басқарма төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Оңалбай Аяшев төрағалық етті.
Ғылыми кеңесте жаңа оқу жылындағы университет қызметінің негізгі бағыттары мен алдағы міндеттері жан-жақты қаралды.
Атап айтқанда, Ғылыми кеңестің жаңа құрамы бекітіліп, университет құрылымындағы өзгерістер, кадрлық тағайындаулар, 2026–2027 оқу жылына дайындық және стратегиялық міндеттер талқыланды. Сонымен қатар Ғылыми кеңестің жылдық жұмыс жоспары бекітіліп, қабылдау комиссиясының атқарған жұмысы қорытындыланды.
Мәжілісте жаңа оқу жылына арналған материалдық-техникалық база, цифрлық инфрақұрылым және қауіпсіздік жүйесінің дайындығына да ерекше назар аударылды. Университеттің ішкі нормативтік құжаттары қаралып, білім беру, ғылыми-зерттеу және басқару үдерістерін одан әрі жетілдіруге қатысты нақты міндеттер белгіленді.
Ғылыми кеңесті ашқан Оңалбай Аяшев жаңа оқу жылында университет алдында ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.
«Университеттің әрбір бастамасы ең алдымен білім сапасын арттыруға, ғылымды дамытуға және студенттерімізге сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасауға бағытталуы тиіс. Жаңа оқу жылында бізге қалыптасқан нәтижелермен шектелмей, академиялық сапаны, ғылыми әлеуетті және университеттің бәсекеге қабілеттілігін жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл – бүкіл ұжымға ортақ міндет»,– деді Басқарма төрағасы.
Кеңесте сондай-ақ университеттің ғылыми әлеуетін арттыру мәселелері кеңінен сөз болды. Ғылыми дәреже мен ғылыми атаққа ие болған қызметкерлердің жетістіктері, докторантураны аяқтаған және докторантураға қабылданған білім алушылар туралы ақпарат ұсынылды.*Scopus базасына енгізілген және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған ғылыми басылымдарда жарияланған мақалалардың нәтижелері де қорытындыланды.
Мәжіліс барысында жаңа оқу жылында білім сапасын қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулерді жандандыру, цифрландыруды дамыту, университет инфрақұрылымын жетілдіру және студенттер үшін қауіпсіз әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыру бағытында бірқатар тапсырмалар берілді.
2026–2027 оқу жылы Tashenev University үшін жаңа мақсаттар, жаңа бастамалар және нақты нәтижелер жылы болмақ!









