Тамабай Әсел Мейрамбекқызы оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспарына сәйкес «Оқыту әдістері мен технологиялары» пәнінен ашық сабақ өткізді.
2026-04-16
Ж.А. Тәшенев университеті АҚ «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» институты, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушысы Тамабай Әсел Мейрамбекқызы оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспарына сәйкес «Оқыту әдістері мен технологиялары» пәнінен «Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды бастауыш сыныпта қолдану» тақырыбында ПиК-24-5к7 және ПиК-24-5к8 топтары студенттерімен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдарын меңгерту, цифрлық платформалармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру және олардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Сабақ барысында білім алушылар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызымен танысып, бастауыш сыныпта қолданылатын заманауи цифрлық құралдардың мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде меңгерді. Оқытушы Kahoot!, Quizizz, LearningApps және Padlet платформаларының ерекшеліктерін түсіндіріп, оларды сабақ үдерісінде қолданудың тиімді жолдарын көрсетті.
Практикалық бөлімде студенттер топтарға бөлініп, цифрлық платформалар негізінде тапсырмалар құрастырып, өзара тәжірибе алмасты. Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, миға шабуыл, демонстрация және практикалық тапсырмалар арқылы білім алушылардың танымдық белсенділігі мен цифрлық сауаттылығы артты.
Ашық сабаққа «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының доценті З.К. Керімбаева, магистр, аға оқытушы Б.А. Аяпова, Қ.Ш. Алимова және оқытушы А. Мамбеталиева қатысты.
Сабақ соңында қатысушылар ашық сабақтың мазмұны мен әдістемелік деңгейіне жоғары баға берді. Доцент З.К. Керімбаева сабақтың құрылымы жүйелі ұйымдастырылғанын және оқу мақсаттарының толық жүзеге асқанын атап өтті. Магистр, аға оқытушы Б.А. Аяпова цифрлық платформаларды тиімді пайдалану студенттердің кәсіби даярлығын жетілдіруге ықпал еткенін айтты. Қ.Ш. Алимова сабақтың заманауи білім беру талаптарына сай ұйымдастырылғанын және оқытушының инновациялық технологияларды шебер қолданғанын жоғары бағалады. Оқытушы А. Мамбеталиева студенттердің белсенділігі мен шығармашылық ізденістерінің жоғары деңгейде болғанын атап өтті.
Жалпы, ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өткізіліп, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға және заманауи білім беру технологияларын меңгеруіне бағытталған нәтижелі оқу үдерісі болды.
