2026 жылғы 19 наурызда «Дене шынықтыру» кафедрасының оқытушысы С.Е. Талдыбек ФК-25-1к15 және ФК-24-1к12 тәлімгерлік
background

2026 жылғы 19 наурызда «Дене шынықтыру» кафедрасының оқытушысы С.Е. Талдыбек ФК-25-1к15 және ФК-24-1к12 тәлімгерлік

2026-04-19

Медиатека / Жаңалықтар / 2026 жылғы 19 наурызда «Дене шынықтыру» кафедрасының оқытушысы С.Е. Талдыбек ФК-25-1к15 және ФК-24-1к12 тәлімгерлік

2026 жылғы 19 наурызда «Дене шынықтыру» кафедрасының оқытушысы С.Е. Талдыбек ФК-25-1к15 және ФК-24-1к12 тәлімгерлік топтарының білім алушыларына «Интернет дәуіріндегі тәрбие және қауіпсіздік» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағаты барысында интернеттің білім беру, ақпарат алмасу және коммуникация салаларындағы маңызы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, цифрлық кеңістікте кездесетін қауіп-қатерлерге, атап айтқанда интернетке тәуелділік, жалған ақпараттың таралуы, кибербуллинг және онлайн алаяқтық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара соңында білім алушылар интернетті саналы және қауіпсіз пайдаланудың қоғамдағы ақпараттық сауаттылықты арттырудағы рөлі туралы пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Тәрбие сағаты жастардың ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне деген жауапкершілігін арттыруға және цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.