Ж.А. Тәшенев университетінің Экономика және құқық факультетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының 1 курс студенттері оқу-таныстыру тәжірибесі аясында «Alatau City Bank»
2026-06-16
Іс-шараның мақсаты – студенттерді қаржы-банк саласының қызметімен таныстыру, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру және болашақ мамандықтарының ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік беру.
Экскурсия барысында студенттер банктердің құрылымымен, негізгі қызмет бағыттарымен, клиенттерге қызмет көрсету үдерістерімен танысып, мамандардан банк жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктері туралы құнды ақпарат алды. Сонымен қатар, білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби тәжірибе жөнінде пікір алмасты.
Оқу-таныстыру тәжірибесінің жетекшілері – Темірова Жанат және Оразова Бибігүл. Мұндай тәжірибелік кездесулер студенттердің кәсіби бағдарын қалыптастыруға, болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыруға және практикалық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.


