АШЫҚ САБАҚ
2026-05-04
АШЫҚ САБАҚ
«Ж.А.Тәшенев атындағы университет» АҚ
«Педагогикалық және гуманитарлық білім беру» факультеті
«Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасы
т.ғ.м., аға оқытушы Жүзжасарова Ақмарал Аймаханбетқызы
«Ұмытылмайтын тарих: қуғын-сүргін жылдары» тақырыбында саяхат ашық сабақ өткізді.
Білім алушылардың назарын сабаққа аударып, ашық сабақ (саяхат-семинар) ХХ ғасырдың ең ауыр кезеңдерінің бірі – саяси қуғын-сүргін жылдарының тарихи маңызын ашуға бағытталды. Ашық сабақ Орталық Азия мен Қазақстан тарихындағы қайғылы кезеңге қызығушылық танытқан көптеген тыңдаушыларды жинады.
Жүзжасарова Ақмарал Аймаханбетқызы жетекшілік еткен сабақ барысында білім алушылар өткен тарихпен «саяхат» жасап, қуғын-сүргін құрбандарының тағдырымен танысты.
Сабақта қарастырылған негізгі аспектілер:
• Қуғын-сүргіннің басталуы: 1930–1950 жылдардағы саяси репрессиялардың себептері мен тарихи алғышарттары.
• Қазақстандағы лагерьлер жүйесі: КарЛАГ, АЛЖИР сияқты лагерьлердің құрылуы мен қызметі.
• Зиялы қауым тағдыры: Қазақ зиялыларының қуғындалуы, олардың қоғамдағы рөлі мен мұрасы.
• Тарихи жады: Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және тарихи әділеттілікті қалпына келтіру мәселелері.
Сабақ барысында тарихшылар, архивистер мен зерттеушілердің еңбектері негізінде тың деректер ұсынылды. Бұл тақырыптың маңыздылығы – өткенді ұмытпай, болашақ ұрпаққа тағылым беру екендігі атап өтілді.
Ашық сабаққа кафедраның меңгерушісі т.ғ.к., қауым. проф. С.Н. Апашева, аға оқытушы Шеримбаева Жібек Дүйсебаевна, аға оқытушы Г.А.Тұрымбетова қатысты.
Сабақ барысында оқу-әдістемелік құралдар, архивтік материалдар, презентациялар, бейнефильмдер, интерактивті тақта қолданылды. Білім алушылар белсенді қатысып, тарихи тақырыпқа қызығушылық танытты.
Жүзжасарова Ақмарал Аймаханбетқызы түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, сабақты жоғары деңгейде өткізді. Ол өзінің шығармашыл, ізденімпаз оқытушы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Алдағы уақытта шығармашылық табыс пен биік жетістіктер тілейміз!